«Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне мейірім танытып, өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген еді.Жалпы, әлемде Алғыс айту күні тарихы 1621 жылдан бастау алады. Алғаш рет бұл күнді ағылшын колонистері тойлаған. Губернатор Уильям Брэдфорд қыс бойы аштыққа төзген халықтың көңіл күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Оның бұл үрдісін көршілері де қостап, дәстүрге айналдырып, қаһарлы қысты шығарып салып, думандатады. Ағылшындар үшін алғыс айту күнінің символы – түйетауық. Өйткені колонистер мерекені алғаш рет тойлағанда төрт түйетауық жеген екен. Келе-келе Алғыс айту күнінің географиялық ауқымы кеңейді. Мәселен, 1789 жылы Джордж Уашингтон алғыс айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялайды. Аталған күні бір дастарқан басында жиналып, туған-туысқа сыйлық беріп, қуанту үрдіске айналады. Адамдар бір-бірінің көңілін көтеру үшін сан түрлі тосынсый ойлап табатынды шығарған. Қала ішіндегі метрода атаулы үстелге азық-түлік пен ақша қойып, қайырымдылық жасау да әдетке айналған. Соның ішінде ХVІІ ғасырдан келе жатқан әртүрлі киімді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кеш ұйымдастырады. Атаулы күннің қарсаңында жұрт жүзіндегі күлкі мен мейірім бар ауыртпалықты артта қалдырғандай әсер сыйлаған. Жоғарыда айтқанымыздай, аталған мереке елімізде 2016 жылдан бері тойланады. Республикалық деңгейде концерт, қайырымдылық акциясы, телемарафон мен түрлі шара ұйымдастырылады. Айта кетерлігі, балабақша мен мектептегі Алғыс айту күнінің орны бөлек. Өйткені ұстаздар бұл күнді оқушы жадында ата-анаға, туған елге, үлкен мен кішіге алғыс айтып, лебізін жеткізетін айрықша күн ретінде бейнелейді. Өз кезегінде оқушылар да қолынан келген сыйлығын жасап, үлкендерді қуантқысы келеді. Мәселен, биыл Алғыс айту күні қарсаңында Алматы облысында 100-ге жуық іс-шара өтеді. Атаулы датаны мерекелеу 20 ақпаннан 1 наурызға дейін жалғасады.
Айбике ЖАНАСЫЛ