Қызылордада жалған маркамен 4 376 дана арақ өнімі тәркіленді
Қызылордада жалған маркамен 4 376 дана арақ өнімі тәркіленді
550
оқылды
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларымен 4 376 дана арақ өнімдерін өткізу дерегін анықтады. Тексеріс барысында Қармақшы ауданында тұратын 2 азамат екі мекенжайда сыйымдылығы 0,5 литрлік 2 647 дана, 0,2 литрлік 889 дана және 1 литрлік 840 дана арақ өнімін сақтағаны анықталған. Аталған азаматтар жалған есепке алу-бақылау маркалары жапсырылған алкоголь өнімдерін анықталмаған тұлғалардан төмен бағада сатып алған. Жалған маркалы өнімдерді пайда табу мақсатында үстіне үстеме ақша қосып сату барысында құрықталған. Оқиға орнын тексеру барысында жалпы саны 4 376 дана арақ өнімі алынып, тиісті сараптама  тағайындалды. Аталған факті бойынша  Қылмыстық кодекстің 233-бабы  2-бөлігінде қаралған қылмыстық құқықбұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Департаменттің мәлімдеуінше, тергеу талабына сәйкес  әзірге басқа ақпараттар жария етілмейді.