Талдықорғанда Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сот процесс барысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Бұл ақпаратты Жетісу облыстық прокуратурасы растады.
Айта кетейік, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған болатын.
Еске салсақ, Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.
Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.
2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.