Атырауда көлік қаққан 7 жаяу жүргінші қайтыс болды
Атырауда көлік қаққан 7 жаяу жүргінші қайтыс болды
© atpress.kz
6,240
оқылды
Атыраулық полицейлер көлік жүргізушілеріне сақтық шараларын ескертеді,  –  деп хабарлайды AtyrauPress. Қала аумағындағы жол ережесінің сақталуы, жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігі –  маңызды нәрселердің бірі. Жолдағы көліктердің жүруінен бастап, жаяу жүргіншілердің жолдары адам өмірімен өлшенерін бірі ескерсе, енді бірі бейжай қарап жататыны жасырын емес. Ал  сайып келгенде бір адамның болмашы шалыс қадамы бірнеше адамның өміріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Мәселен, 2022 жылы жаяу жүргіншілердің қатысуымен 90 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 7 адам қаза тапқан. Осы орайда  Атырау қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қала жолдарындағы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне ерекше мән беріп, жол қауіпсіздігін қадағалау, қауіпсіздік ережелерін бұзғандарды анықтау мақсатында күнделікті профилактикалық жұмыстар атқаруда. Атыраулық полицейлер жаяу жүргіншілер жолынан жаяу адам өткен кезде төтенше жағдай батырмасын басып, көлік жүргізушілерден көлікті тізгіндер алдында сақтық шараларын қолданып, жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.