Алматы облысының тауларында көшкін жүру қаупі сақталады
Алматы облысының тауларында көшкін жүру қаупі сақталады
415
оқылды
Наурыз айында Алматы облысының тауларында көшкін жүру қаупі сақталады. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД-да мәлім етті.
«Алматы облысының тауларында 1-6 наурыз аралығында көшкін жүру қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды», – делінеді хабарламада.
Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. «Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», – деп хабарлады ТЖД-да.