Серігінің айтуынша, соңғы рет ол қамыс алқабында адасып қалғанын хабарлаған. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының 11 құтқарушысы мен 2 жүзу құралы және 1 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, департаменттің 40 қызметкері мен 3 техникасы, Полиция департаментінен 9 қызметкер, жергілікті атқарушы органдардан 10 қызметкер және жергілікті тұрғындар 60 адам жетті. Алайда төрт күндік іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже бермеді. Қазіргі таңда дронның көмегімен 40 шақырымдай жерге шолу жасалуда.