Шымкентте қар аралас жаңбырдан аулаларды су басып, дауылдан ағаштар құлап жатыр
Шымкентте қар аралас жаңбырдан аулаларды су басып, дауылдан ағаштар құлап жатыр
359
оқылды
Шымкент қалалық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, дауылдан ағаштар құлап, көліктерді басып қалған. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 ақпаннан 27-сіне қараған түні қала аумағында жауған жауын-шашынның салдарынан бірнеше үйдің ауласына жаңбыр суы жиналған. Өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшелері Абай, Әл-Фараби, Қаратау аудандарында суды шығару жұмыстарын жүргізген.
Авариялық-құтқару жұмыстары Қайтпас-1, Нұртас, Ақжайық, Химфарм, Қазығұрт, Самал – 3 шағын аудандарында жүргізіліп, онда жеке құрамында 35 қызметкер 8 техника мен 8 мотопомпа жұмылдырылған. Жеке тұрғын үйлер мен басқа нысандарда жалпы көлемі 1137 текше метр су шығарылған.
Ал, таңғы сағат 07:48-де «112» Құтқару қызметіне Күншығыс ықшамауданындағы көпқабатты үйдің ауласында және Әл-Фараби ауданындағы Түркістан көшесі мен Д.Қонаев даңғылының қиылысында ағаштардың құлағаны туралы хабарланған.    width= Әбдіразақов көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында автокөліктің үстіне ағаш құлағандығы туралы ақпарат түскен. «Оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқару бөлімшесі, өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамында 15 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Табиғи апат салдары жойылған» делінген ресми хабарламада.