«РИА Новостидің» мәліметінше, Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 1595-ке жетті. Бір тәулікте елде 334 адамның вирус жұқтырғаны анықталды, – деп жазады Tengrinews.kz.
Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың 307-сі Тэгу қаласынан анықталған, қалғандары елдің түрлі аймағында. Бүгінде елде 12 адам қайтыс болған, 24-і емделген. Тағы 21097 адамның сараптамасы қазір тексеріліп жатыр.
Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандардың 80 пайызы, яғни 1338 адам Тэгу қаласы мен оған көршілес Кёнсан-Пукто провинциясында тұрады. Сеулде 55 адам вирус жұқтырған.
Вирустың таралуына байланысты Тэгу мен Кёнсан-Пукто эпидемиялық бақылауға алынған. Оңтүстіккореялық әуекомпаниялар Тэгуге қатынайтын әуе рейстерін уақытша тоқтатты.