«AMANAT» партиясы халықтың табысын еселеуді көздейді
«AMANAT» партиясы халықтың табысын еселеуді көздейді
«AMANAT» саяси ұйымының партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына БҚО-дан ұсынылған кандидат Ербол Салықов, облыстық мәслихатқа бірмандатты сайлау аумағынан кандидат Азамат Бисенов және қалалық мәслихатқа үміткер Рафхат Данагулов «ОралТазаСервис» ЖШС ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жүргізді. Кандидат Ербол Салықов партияның сайлауалды бағдарламасында, ең алдымен, халықтың табысын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендету міндеті тұрғанын атап өтті. Ал бұл мақсатты орындаудың тиімді тәсілі – шағын және орта бизнесті дамыту.  width= Облыста қазір 53 мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Онда 118 мыңнан астам адам еңбек етеді. Енді бұл көрсеткішті одан әрі арттыру қолға алынады. Партия шағын және орта бизнес арқылы жылына кемінде 500 адамды жұмысқа тартпақ. 2027 жылға дейін кәсіпкерлік субъектілерінің санын 61 мыңға жеткізу көзделген. 300-ден астам кәсіпкерге қаржылай қолдау көрсетіледі. «ОралТазаСервис» компаниясының өкілдері кадр мен сұйық отын тапшылығы барын айтты. Кәсіпорын жұмысшылары ала таңнан қара кешке дейін қаланы қоқыстан тазартады. Кездесуде олар партияға сенім артатынын білдіріп, алдағы уақытта еңбек адамдарына қолдау көрсетуді сұрады. Партияның штаб мүшелері еңбек ұжымына сайлауалды бағдарламаға қатысты үнпарақтар таратып, саяси додада «AMANAT» ұйымына дауыс беруге шақырды. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.