Медицина және педагогика мамандықтарында оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі
Медицина және педагогика мамандықтарында оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі
© Тұрар Қазанғапов
4,050
оқылды
Медицина және педагогика мамандықтары бойынша білім алатын студенттердің шәкіртақысы көтеріледі. Аталған өзгеріс туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында жазылған. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттерге ай сайынғы шәкіртақы мына мөлшерде белгіленеді: – даярлаудың педагогикалық бағыттарында және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда оқитын студенттерге – 41 898 теңге; – педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге; – «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге; – интерндерге – 75 890 теңге; – магистранттарға – 97 024 теңге; – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 162 500 теңге; – докторанттарға – 217 500 теңге; – даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге; – даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге.