Ауа райының қолайсыздығынан 3 облыста жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығынан 3 облыста жол жабылды
770
оқылды
Еліміздің 3 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс уақытша шектелді. Абай өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді; Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында жол қозғалысына шектеу енгізілді. Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді.