2 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдар уақытша жабылды
2 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдар уақытша жабылды
514
оқылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы Қазавтожол хабарлайды. Абай облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығында және «Өскемен-Семей» тасжолының Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында және «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.