Осыдан бір апта бұрын ғана құқық қорғау органдары әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тарап жатқан «Қазан» немесе «Қара касса» ойыны сияқты табыс табудың күдікті тәсіліне жоламауға кеңес беріп еді. Ал екі-үш күннен бері елімізде кезекті қаржы пирамидасы әшкере болып, оған ақша салған мыңдаған адам сан соғып қалды. Миллиардтарды жымқырған фирмалардың басшылары қамауға алынып жатыр, із суытып үлгергені де бар.
[embed]https://youtu.be/0Cv-V7QKc-0[/embed]
«МММ», «Телемаркет», «Тибет», РДС, «Хопер-инвест» сияқты маңдай термен тапқан ақшаңды айласын асырып тартып алатын ұйымдарды білетіндердің өзі кезекті қаржы пирамидасының құрбанына айналып жатыр. Неге?