Жазушының музей-үйі мемлекет меншігіне өтеді
Жазушының музей-үйі мемлекет меншігіне өтеді
3,475
оқылды
Оралхан Бөкейдің 80 жыл­дығы қарсаңында жазушының музей-үйі мемлекет мен­ші­гіне бе­ріледі. Катонқарағай ау­да­ны­ның әкімі Ділдар Қа­ли­қан тиісті жұ­мыстың бас­тал­ғанын хабар­лады. Оралхан Бөкейдің музей-үйі Шы­ғыс Қазақстан облысы Катонқарағай ау­данындағы Шыңғыстай ауылында ор­наласқан. Бөкей әулетінің қара шаңырағы құжат жүзінде жекенің мен­шігінде болғандықтан, мемлекет тиіс­ті қолдау көрсете алмағаны тағы бар. Сондықтан жекеменшіктегі ны­сан­ды күтіп ұстауға бюджеттен ақша бөлу заңға қайшы болған соң мәдени-тарихи нысанды мемлекет меншігіне беру туралы жиі мәселе көтеріліп жүр­ген-ді. Катонқарағай ауданының әкімі Діл­дар Қалиқанның айтуынша, мә­селе өткен айда шешімін тауып, му­зей-үй мемлекет балансына бері­леді.
«Нысанды «Катонқарағайды тұ­рақ­ты дамыту қоры» сатып алды. Де­мек, қазір музей-үй сол қордың ба­лан­сында тұр. Қор сол үшін 10 млн тең­ге төлеп, сатып алды. Ақпан айын­­да үй иесі келіп, кілтті табыс­та­ды. Келісім­шарт жасалып, нотариус бекітті. Енді үйді қалпына келтіру жұмысын бас­таймыз. Ауласын, үйдің ішін, бә­рін қалпына келтіру керек. Одан кейін жос­пар бойынша облыстық өлкетану музейінің бір филиалы болып ашы­лады. Яғни, толықтай мемлекет мен­ші­гіне беріледі. Ол үшін музей қо­рын­да мыңнан астам дерек болу ке­рек деген сияқты талаптары бар екен. Қазір соның бәрі жинастырылып жа­тыр. Осы жұмыстың бәрі ойдағы­дай бітсе, мамыр айына қарай нысан келу­шілерге есігін ашатын шығар. Оның үстіне, ауласында тұрған жазу­шы мүсінін жаңаласақ деп отырмыз. Тап­сырыс берілген, жасатып жатыр­мыз. Нысанды қалпына келтіру жұ­мы­с­­тары қандай қаражатқа атқа­ры­ла­тыны қарастырылуда», – деді аудан әкімі.
Жазушының туған қарындасы Ға­лия Бөкейқызы да әкімдіктің ны­санды күтіп ұстау туралы ұстанымын қолдайтынын айтты. Оралхан Бөкей музейі Ғалия Бөкейдің айтуынша, осы мәселе бойынша аудан әкімімен екі рет ақылдасқан. Оның басты қойған та­лабына сәйкес, музей-үй облыстың ба­лансында болуы керек еді. Өйткені аудан балансында болған кезде қа­рау­сыз қалған жайттар болған. Ауданға руханиятты түсінетін адам басшы боп кел­се, музейге ақша бөлінеді де, руха­нияттан алыс адам келсе, ақша бө­лінбей қалады. Бұл талапқа әкім­­дік көнген. Сәйкесінше, нысан об­лыстың нысанында болған соң об­лыстық бюджеттен қаржыландырыла­ды. Оның музейдің штат саны туралы та­лабым да қолдау тапқан. Жауап­ты­лар ауладағы мүсінді жаңалауға уәде берген. Осының бәрін ескерген Ға­лия Бөкей қара шаңырағын мемлекет балансына беруге келісім берген. Үй­дегі экспонаттар мен құжаттарды, мұ­раны қағазға тізіп, арнайы акт жа­сап, ресми табыстаған

Айбике ЖАНАСЫЛ