«Нысанды «Катонқарағайды тұрақты дамыту қоры» сатып алды. Демек, қазір музей-үй сол қордың балансында тұр. Қор сол үшін 10 млн теңге төлеп, сатып алды. Ақпан айында үй иесі келіп, кілтті табыстады. Келісімшарт жасалып, нотариус бекітті. Енді үйді қалпына келтіру жұмысын бастаймыз. Ауласын, үйдің ішін, бәрін қалпына келтіру керек. Одан кейін жоспар бойынша облыстық өлкетану музейінің бір филиалы болып ашылады. Яғни, толықтай мемлекет меншігіне беріледі. Ол үшін музей қорында мыңнан астам дерек болу керек деген сияқты талаптары бар екен. Қазір соның бәрі жинастырылып жатыр. Осы жұмыстың бәрі ойдағыдай бітсе, мамыр айына қарай нысан келушілерге есігін ашатын шығар. Оның үстіне, ауласында тұрған жазушы мүсінін жаңаласақ деп отырмыз. Тапсырыс берілген, жасатып жатырмыз. Нысанды қалпына келтіру жұмыстары қандай қаражатқа атқарылатыны қарастырылуда», – деді аудан әкімі.Жазушының туған қарындасы Ғалия Бөкейқызы да әкімдіктің нысанды күтіп ұстау туралы ұстанымын қолдайтынын айтты. Ғалия Бөкейдің айтуынша, осы мәселе бойынша аудан әкімімен екі рет ақылдасқан. Оның басты қойған талабына сәйкес, музей-үй облыстың балансында болуы керек еді. Өйткені аудан балансында болған кезде қараусыз қалған жайттар болған. Ауданға руханиятты түсінетін адам басшы боп келсе, музейге ақша бөлінеді де, руханияттан алыс адам келсе, ақша бөлінбей қалады. Бұл талапқа әкімдік көнген. Сәйкесінше, нысан облыстың нысанында болған соң облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Оның музейдің штат саны туралы талабым да қолдау тапқан. Жауаптылар ауладағы мүсінді жаңалауға уәде берген. Осының бәрін ескерген Ғалия Бөкей қара шаңырағын мемлекет балансына беруге келісім берген. Үйдегі экспонаттар мен құжаттарды, мұраны қағазға тізіп, арнайы акт жасап, ресми табыстаған
Айбике ЖАНАСЫЛ