Айнұр Тұрсынбаева қазіргі күйеуінің бірінші отбасы туралы айтты
Айнұр Тұрсынбаева қазіргі күйеуінің бірінші отбасы туралы айтты
34,032
оқылды
Айтыскер ақын, мотиватор, психолог Айнұр Тұрсынбаева жеке өмірі жайлы ашып айтты. Тұрсынбаева қазіргі күйеуінің экс-әйелімен араласып, сыйлық жасайтынын жасырмады. Айнұр Тұрсынбаева "Уақыт көрстеді" бағдарламасына жеке өмірі, шығармашылығы, Қазақстанға оралатындығы, әріптестері жайлы біраз дүниені бүкпесіз жеткізді.
"Бұрынғы отбасындағы балалармен араластырады екенсіз. Тіпті, сіз оларды Ыстанбұлға әкеліп киіндіріп, үйге қонақ қылады екенсіз. Бұрынғы әйелдерін де. Қай жеңгеміз екенін білмеймін, оларды үйге де қондырыпсыз", —  деп психологтің жеке өміріне қатысты сауал қойды журналист. "Ер-азаматының бақытын ойлайтын, баланың болашағын ойлайтын кез келген адам солай жасайды. Бұрынғы әйелімен, балаларымен араластырып тұрамын. Кез келген бала әкесімен де, анасымен де тең қарым-қатынаста болу керек. Барлық халыққа осыны айтып отырып, өзім жолдасымды балаларымен араластырмаса, онда менің екіжүзділігім болады. Мен үшін бұрынғы күйеу, бұрынғы әйел дегенге көзқарасым басқаша. Мен үшін бәрі жақсы. Кез келген адамның жамандығын да, жақсылығын да табады. Өзіміз екен ғой, жаман қылып алатын. Бізде бұрынғы болса, жаман деген түсінік қалыптасқан. Алланың берген тағыдырына қарсыласып, біз кімбіз оны шешетін.  Әркімнің тағдыры әртүрлі. Отбасының бақытын ойлайтын әрбір әйел жасайтын дүние. Мұны ерлік деп айта алмаймын", — дейді психолог.