Бизнес идеяларға арналған гранттарды пайдалана алмаған – Даниал Ахметов
Бизнес идеяларға арналған гранттарды пайдалана алмаған – Даниал Ахметов
Фото: Интернеттен алынды
240
оқылды
Шығыс Қазақстанда былтыр жаңа бизнес идеяларға 2557 грант бөлінген болатын. Алайда Өскемен қаласы мен Көкпекті, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Глубокое аудандарында жоспар орындалмаған. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында айтылды.    width= Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазиновтың баяндауынша, жоспар Глубокое, Ұлан аудандарында – 79, Шемонаихада – 77, Көкпектіде – 75, Күршімде – 62 пайызға ғана орындалған. Ең төменгі көрсеткіш Өскеменде – 59 пайыз.   грант – Грант деген – сыйлық, солай емес пе? Бұл – тегін берілетін дүние ғой. Алайда, жоспардың неге уақытында орындалмағаны түсініксіз. Алдағы уақытта көпбалалы аналарды бизнеске тартып, идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріңіздер, – деген облыс әкімі Даниал Ахметов бұл мәселеге қатысты қала, аудан әкімдеріне нақты тапсырма берді. Баяндамада айтылғандай, аудандар ішінде гранттың көбі (230) – Ұланға, азы (47) Алтайға берілген. Ал қалалар арасында көп грант иеленген (275) – Өскемен, азы (33) – Курчатов. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан