«AMANAT»: Алматы облысында 260 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылады
«AMANAT»: Алматы облысында 260 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылады
766
оқылды
Алматы облысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қызу. Бүгін Іле ауданы Ақши ауылында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ауылында Талғат Адамов, Ролан Нұрбаев тұрғындармен кездесті. Кандидаттар «AMANAT» партиясының 5 жылдық сайлауалды бағдарламасын таныстырып, азаматтарды алдағы сайлау күні партияны жақтап дауыс беруге шақырды. Тұрғындармен еркін форматта тілдесіп, оларды толғандырған сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітті. Анықталғандай, шалғай жатқан ауылдарда жер, су, жол мәселесі өзекті. Кандидаттар бұл тұрғыда нақты іс-шаралар жоспары партияның алдағы міндеттерінің бірі екенін атап өтті.  width=
«Біз «Жер аманаты» партиялық жобамыз шеңберінде 260 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан бос алқапты қайтаруды көздеп отырмыз. Бірінші кезекте ол жер мал жаю үшін беріледі. Субсидияларды бөлудің еркін, ашық және қолжетімді мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылады. 2027 жылға дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 1,2 есеге ұлғайтуды көздейміз. Ақши ауылы тұрғындарын қоса алғанда 15 мың адамды жұмыспен қамтимыз» , − деді басқосуда Ролан Нұрбаев.
Бұған  қоса кандидаттар сөзінше, өңірде сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлінеді. Газ тарту ісі қарқын алмақ. Осындай нақты жобаларды топтастырған сайлауалды бағдарлама халық қалауына қызмет етеді. Осылай деген үміткерлер қатысушыларды нақты істер партиясына дауыс беруге шақырды. Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының  Сайлау қоры  қаражатынан төленді