Атырау облысында көлік аударылып, жолаушы мерт болды
Атырау облысында көлік аударылып, жолаушы мерт болды
Фото: azattyq-ruhy.kz
4,100
оқылды
Атырау облысында көлік аударылып, маңғыстаулық жолаушы мерт болды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 3 наурыз күні болған.
«Жергілікті уақытпен сағат 16:30 шамасында «Бейнеу-Құлсары-Доссор» тасжолының бойында «Toyota Land Cruiser» көлігі аударылды. Жол апатына жүргізушінің рульді игере алмағаны себеп болған. Көлік рулінде отырған 59 жастағы жүргізуші ұйықтап кетіп, салдарынан жолдың соқ жақ бөлігіне аударылған. Ақтау қаласынан жолға шығып, Атырау қаласына жетпек болған 1964 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапты», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.