Абай облысының оқушылары онлайн оқу форматына көшті
Абай облысының оқушылары онлайн оқу форматына көшті
2,673
оқылды
Абай облысында күн райының бұзылуына байланысты білім беру онлайн форматқа ауыстырылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«6 наурызда Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты Семей, Курчатов қалаларында, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Аягөз, Абай аудандарында 1 және 2-ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады. Қалған аудандарда мектептер штаттық режимде оқиды. Сондай-ақ Семей қаласындағы колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ онлайн форматқа аустырылды», – делінген хабарламада.