Жетісу облысында күн күрт жылынды. Қар еріп, Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылында үйлердің ауласы мен көшені су басты. Бұл туралы Aikyn.kzТөтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше ауа температурасы +15 с° дейін көтерілді. Қар еріп, Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылының шығысында орналасқан егістіктерден еріген қар суы ауыл тұрғындарын әбігерге салды. Арықтар тасқын суға төтеп бере алмай, су Шыныбек көшесін басып қалды. 4 үйдің ауласы су астында қалды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Тасқын су Байғазы өзеніне құйылып жатыр.
Оқиға орнында 66 құтқарушы 11 техникамен ауыл тұрғындарымен бірлесіп арық қазып жатыр.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 6-8 наурыз аралығында күн күрт жылынады. Ауа температурасы жоғарылайды. Су тасып, өзендер арнасынан асып, қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан мамандар қауіпсіздік үшін жергілікті тұрғындардан арықтарды қоқыстан тазартуды сұрайды.
https://youtu.be/XDaLECXQ5xs