Ауа райына байланысты екі өңірде жол жабылды
Ауа райына байланысты екі өңірде жол жабылды
Фото: mail.kz
610
оқылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде жол жабылды.   «ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, 6 наурыз сағат 07:10-дағы ақпаратқа сәйкес 2 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Атап айтқанда: Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. Қарағанды облысында Алматы – Екатеринбург тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.