7-9 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
7-9 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Sputnik / Анатолий Устиненко
1,457
оқылды
"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атлантика циклоны Қазақстанның батысынан шығысына ауысады. Осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жауады, жаяу бұрқасын, екпінді жел және көктайғақ болады. Еліміздің оңтүстігінде күн жаңбырлы болады. 7-9 наурыз аралығында шығыста, 7 наурызда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 8 наурызда оңтүстікте, 8-9 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады. Тек 8-9 наурызда батыста, 9 наурызда еліміздің орталығында жауын-шашын тоқтайды. Республика бойынша тұман түседі. 9 наурызға қарай еліміздің солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде түнгі уақытта температура 7-17 градус аязға дейін, оңтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяз - 5 градус жылыға дейін, күндіз 5-12 градус жылыға дейін төмендейді.