Әсел – «Полиция аруы»
Әсел – «Полиция аруы»
695
оқылды
Алматыда Халықаралық әйел­дер күніне орай ең сұлу және дарын­ды полицей ару анықталды. Төрт кезеңнен тұратын сұлу­лық байқауына 12 ару қатысты. Олардың сұлулығымен қатар, дене шынықтыру дайындығына да баға берілді. Тергеушілер, патрульдік по­ли­цейлер, крими­налистер, жедел уәкілдер, кәме­летке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, жедел кезекшілер мен арнайы жа­сақ сарбаздары өз білімін көрсетіп, өнерін паш етті.
 – «Полиция аруы» атағы үшін тартыс қызу өтті. Қазылар алқа­сына да оңай болған жоқ. Өйткені ерлермен тең дәрежеде лайықты қызмет атқарып, қылмыспен кү­ре­сіп жүрген әріптестері­міздің мүм­кіндігінде шек жоқ. Мұны олар байқауда дәлелдей білді. Олар – еңбекқор қызметкер ғана емес, қамқор ана, аяулы жар, шаңырақ ошағын сақ­таушы әрі сұлу, мейірімді, жанашыр жан­дар, – деді Алматы қаласы ПД бас­шы­сының орынбасары, қазы­лар алқасының төрағасы Олжас Мырзабеков.
Байқау нәтижесінде, қалалық ПД Ақпарат­тандыру және байла­ныс басқармасының технигі Әсел Қажияхмет «Полиция аруы» атан­ды. Екінші орын Наурызбай аудандық ПБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Динара Мад­ра­химоваға бұйырса, үшінші орынды қалалық ПД Жедел-кри­миналистикалық басқармасының қызметкері Әсима Барлыбекова еншіледі.