Мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
Мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
Фото: lyubimiigorod.ru
757
оқылды
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы наурыз айындағы мереке күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лардың жұмыс  кестесін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты 8, 21, 22 және 23 наурызда Қазақстанның Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Осы аптада 6, 7, 9 және 10 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. Ал 11 наурыз, сенбі күні кезекші ХҚКО-лар сағат 13.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 9.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ Астана, Шымкент және Қызылорда қаласында кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгерді. Елордада Иманов көшесі, 20, Сәтбаев көшесі, 25 және 20-40 көшесі, 2 мекенжайларында орналасқан кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.