Қазақстанда табысы күнкөрісінен артылмайтындардың саны азаймай отыр. Оған дәлел, ай соңында шағын несие алуға өтініш саны 10-15%-ға көбейеді. Бұл туралы Aikyn.kzInbusiness.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Zaimer.kz қысқамерзімді онлайн несие қызметінің талдау орталығы сарапшыларының айтуынша, әр айдың соңында шағын несие алуға өтініштер саны орта есеппен 10-15%-ға артады.
Зерттеу нәтижесінде, соңғы екі жылда сұраныс ай соңында, 17-19 наурыз қарсаңында жоғарылаған.
Қараша мен желтоқсанда өтініштер саны 20%-ға артқан. Ал қаңтарда шағын несиеге сұраныс орташа деңгейден 5-10%-ға төмендеді.
Ақпан айында қысқамерзімді шағын несие алуға өтініштер саны 1,5%-ға өсті. Орташа сұралған сома – 93,5 мың теңгеден 98,3 мың теңгеге көтерілді.
Жыл басынан бері шағын несие алуға өтініш білдіргендердің арасында ер адамдардың үлесі – 60%, олардың интернеттегі белсенділігі одан да жоғары – 65%.
Бұған дейін банкроттыққа өтінім берудің тәртібі туралы жазған болатынбыз.