Айта кетейік, «AMANAT» жақын маңдағы жедел жәрдем стансаларының арақашықтығы мен жарақтандырылуын ескере отырып, жедел және медициналық көмек көрсету нормативтерін қайта қарауға, ауылдағы санитариялық автокөліктерді жабдықтауға ниетті.
– Ауыл тұрғындарының скрининг тізімін 11 түрге дейін арттырамыз. Бұған қоса телемедицина құралдарын енгіземіз. Бір сөзбен айтқанда, ауыл медицинасы түбегейлі өзгереді. Жалпы, ауыл өмірі түрелене түседі. Бұл сөзімді «Халықпен бірге!» бағдарламасының бағыттары айғақтайды. Сондықтан алдағы саяси науқанда «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер! – деді Әсем Мамутова.
Кездесу соңында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірі тыңдалды.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.