«АМАNАТ» партиясы қарапайым азаматтардың мәселесін шешеді
«АМАNАТ» партиясы қарапайым азаматтардың мәселесін шешеді
361
оқылды
"Сейнұр сайлауға барады!"  деген  ұранмен «Сейнұр» ЖШС еңбек ұжымының үгіт-насихат жиынына келген «АМАNАТ» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлерді қарсы алды. Кандидаттар жиналғандарды алдағы сайлау туралы еске салып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидат  Ыбырай Дуанбай партия бағдарламасында көрсетілген негізгі бағыттарды атап өтті: бұл – білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы реформалар, халықтың жағдайын жақсарту, тұрғын үйлер мен жолдар салу және т.б.
 «Әдетте, кандидаттар сайлау алдында белсенділік танытады, бірақ «АМАNАТ» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрақты жұмыс істейді. Мұнда адамдар өздерінің проблемаларымен, тілектерімен, тапсырыстарымен және ұсыныстарымен келеді. Сондай-ақ  партия мүшелері мұқтаж жандарға, әдетте  өз қаражаттарымен жан-жақты көмек көрсетуде», деп баса айтты  кандидаттар.
 width= Партияның сайлауалды тұғырнамасына сәйкес шешілетін облыс орталығы тұрғындарының мәселелері де айтылды. Олар сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, қоқыс шығару, балаларды балабақшамен қамтуды арттыру, үш ауысымда оқытуды жою, медициналық кадрлар тапшылығы мәселесін шешу және т.б. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Наталья Нагачевская партия жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды. Ең алдымен, ел болашағының артында жастар тұр.   Қазақстан жастардың саны жөнінен дүниежүзінде екінші мемлекет екенін, сондықтан барлық ставкалар халықтың осы бөлігіне жасалатынын айтты. Осы мақсатта партия бағдарламасында жастардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру, оқуға бөлінетін шәкіртақылар мен гранттар санын көбейту, жаңа жатақханалар салып, жұмыспен қамту мәселелері қарастырылған. Сонымен, ауылдық жерлерде кадрлық қамтамасыз етуді қолдау аясында жас мамандарды көтеруі үшін 10 миллион теңгеге дейін  қаражат бөлуді арттыру жоспарлануда. Кандидаттар «Әр буын облыс, жалпы ел өмірінде маңызды рөл атқарады. Диван сыншы болмаңдар, азаматтығыңды көрсетіңдер! Мәселелер туралы айтудан және оларды шешу жолдарын ұсынудан қорықпаңыз! Және, әрине өз еліңіздің белсенді азаматы болыңыз, 19 наурыз күні сайлау учаскесіне келіп, лайықты кандидатқа дауыс беріңіз! Қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бар күш-жігерін жұмсайтын «АМАNАТ» партиясын қолдаңыздар!», – деп партия мүшелерін сайлауға келуге  шақырды. Автобус қызметкерлерін Ақмола облысындағы жолдардың сапасы алаңдатты. Атап айтқанда, Красный Яр ауылына апаратын жолды кеңейту және жөндеу жұмыстары жүргізілу керек пе деген сауалдар қойылды. Үміткерлер биыл жол жөндеуге қомақты қаржы бөлініп отырғанын, сондықтан алдағы уақытта Краснояр жолын абаттандыру  қажет екенін атап өтті. Соңында жиынға қатысушылар партия өкілдеріне қолдау білдіріп, «Сейнұр сайлауға барады!» деп ұрандатты. Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының  Сайлау қоры  қаражатынан төленді.