«Облыста қалдықтарды басқарудың өңірлік жүйесінің 4 нысанын салу көзделген. ҚТҚ 7 полигонын экологиялық талаптарға және санитарлық ережелерге сәйкес келтіруге атсалысамыз. Барлық ауылдарда қоқысты бөлек жинауға және құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде 1 мың контейнер орнатылады. Нақты шаралар нәтижесінде барлық рұқсат етілмеген полигондар жойылады», − деді жиында сөз тізгіндеген Талғат Адамов.
Кандидаттың пайымынша, ҚТҚ өңдеу үлесі 22-ден 40,2% - ға дейін артады. Өңірдегі экологиялық жағдай жақсарып, Қонаев қаласындағы кәріз тазарту құрылыстарының тозу мәселесі толығымен шешіледі. Сонымен қатар, жиында халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға арналған жобалар талқыланды. Кандидат халықтың көкейіндегі мәселелерді тыңдап тұшымды жауап берді. Өз кезегенінде жиылғандар партияның сайлауалды бағдарламасына ризашылықтарын жеткізді.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді