Көктайғақ салдарынан екі күнде 50 адам мертікті
Көктайғақ салдарынан екі күнде 50 адам мертікті
© inbusiness.kz
317
оқылды
Елорда ауруханаларының жарақат пунктіне екі күнде 50 адам жүгінген. Бұл туралы «Интерфакс-Казақстан» агенттігі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сілтеме жасап хабарлады. Көктайғақ салдарынан екі күнде жарақат пунктеріне 50 адам жүгінген. Кеше Нұр-Сұлтан қаласында жауын жауып, соңы көктайғаққа ұласты. Салдарынан қаладан тысқары жолдардың бәрі жабылды. Қала ішінде көлікті қойып, жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы қиындады. Бүгін 0-9 сынып оқышулары үшін сабақ болмады.