Боксшы Серік Сәпиев балуан Зелімхан Мұсиханов екеуінің арасында болған жанжалға нүкте қойды. Бұл туралы Aikyn.kzTengri Sport-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін БАҚ-та Серік Сәпиев пен Зелімхан Мұсихановтың арасындағы жанжалдан кейін «жас балуан спорт колледжінен, ал оның отбасы мүшелері жұмыстан шығарылды» деген ақпарат тарады.
Кейін балуанның оқудан шығарылғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды.
Tengri Sport редакциясы Серік Сәпиевке хабарласып, дау-дамайдың мән-жайын сұрады.
«Мен бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын. Оның отбасына қатысты ақпаратты да растай алмаймын. Мен кез келген қысымға қарсымын. Халқымыз бұл жағдайды ұмытса екен деймін. Оқиға аяқталды. Спорт – эмоция, кез келген бәсекелестіктің қалыпты бөлігі. Бұл жастарға тек сәттілік тілеймін», – деді боксшы Серік Сәпиев.
Айта кетейік, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелімхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларға араша түсті.