Қызыл кітапқа енген ителгіні заңсыз аулағандар ұсталды
Қызыл кітапқа енген ителгіні заңсыз аулағандар ұсталды
© ҚР ҰҚК
279
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласында, Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстарының аумағында жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірқатар трансұлттық топтардың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Қызыл кітапқа енгізілген ителгі құсын заңсыз аулаумен, кейіннен оларды Қазақстан-Өбекстан және Қазақстан-Қырғызстан шекаралары арқылы Таяу Шығыс елдеріне контрабандалық жолмен шығарумен айналысқан.

Мамандардың есебі бойынша, көрсетілген қылмыстық топтардың заңсыз әрекетінен мемлекетке келтірілген зиян бірнеше миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға қатысты ҚР ҚК 339-бабы 2 және 3-бөліктері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.