«Шелек шабытты құртады» деген бастамамен Жаңа адамдар флешмоб өткізді
«Шелек шабытты құртады» деген бастамамен Жаңа адамдар флешмоб өткізді
©newtimes.kz
844
оқылды
Жаңа Адамдар ҚазҰӨУ-ның ағып жатқан шатырының мәселесіне  қарсы флешмоб өткізді.  Әрдайым қар еріп, жаңбыр жауған сайын ҚазҰӨУ университетінің ғимараты бассейнге айналады. Төбесінен су ағып жатқан бұл оқу орнының әкімшілігі ұялмай, оны пластик шелектерге жинап жатқаны бірінші рет емес. Кейде университет ғимаратының бойында  орналастырылған бұл шелектің саны ондағы музыкалық аспаптардың санынан асып түсетіндей  әсер қалдырады. Студенттер сабаққа жету үшін түрлі кедергілерден өтеді. Оқуға малмаңдай су болмай кіру мүмкін емес. Осының барлығын студенттер ғана емес, «Шабытқа» спектакль қойып, шеберлік сағатын өткізетін шетелдік өнерпаздар да үнемі бақылап отырады. Бірақ университет басшылығы бұған ешқандай реакция білдірген емес. Осыған көзжұма қарамайтын  Жаңа адамдар мәселенің шешілуін талап етуде. Осыған орай олар «Шелек шабытты құртады» флешмобын ұйымдастырды. Жаңа адамдардың айтуынша,  «Шабыттың» студенттері балық не сүңгуір емес, олар қалыпты жағдайда шығармашылықпен айналысуға лайық деп есептейді. «Университеттің ағып жатқан шатыры мен залда тұрған көп шелек ҚазҰӨУ студенттері үшін үйреншікті көрініске айналды. Осыған шыдау арқылы бұл күнделікті нормаға айналды. Бірақ олай болмауы керек! Студенттер ыңғайлы және қауіпсіз жағдайда білім алуға құқылы. Жаңа Қазақстанда дәл осындай өзгерістерден басталады: біздің кіреберістерден, аулалардан, көшелерден, оқу орындарынан. Бұл инфрақұрылымның мәселесі емес, шатырдың ағып кетуінен де емес. Бұл – ұлт ретінде өзімізді құрметтеу мәселесі. Біз ҚазҰӨУ басшылығына осы мәселені шешуді немесе лайықты жандарға орындарын босатуды ұсынамыз», – дейді Алихан Сарсенов.