«Қазгидрометтің» мәліметінше, алдағы күндері бірнеше өңірде су тасқыны болуы мүмкін.
10-12 наурыз аралығында Жетісу, Алматы облысы мен Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жауын-шашынның көп түсуіне, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қар күрт ериді. Мұздықтар еріп, өзендерде су деңгейі көтеріледі. Сондықтан өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін.
Бүгін 11 өңірде ауа райы құбылмалы болады.