Алматыда «сөйлейтін» орындық бар
Алматыда «сөйлейтін» орындық бар
205
оқылды
Алматыдағы Тұңғыш Президент бағында кітап тәріздес «сөйлейтін» интерактивті орындық орнатылмақ. Бұл жоба бюджет есебінен жүзеге аспақ. Орындықтың ішіне тарихи тұлғаның өмірбаяны, әндері мен өлеңдері жазылған аудиожүйе орналастырылады. Аудио адам орындыққа отырған кезде іске қосылады. «Жоба сәуір-мамыр айларында жүзеге асады деп күтілуде. Әзірге аудиожазбаға не жазылатыны ойластырылуда. Біздің ойымызша, Абай және басқа да қазақстандық белгілі ақындардың өлеңдері жазылады. Орындықтың ішіне флеш-жинақтауыш орнатылады. Жазба ауыстырылып отырады. Қазір «сөйлейтін» орындықтың бақтың қай жерге орналастырылатыны ойластырылып жатыр. Ол бақтың өте түпкі жағына емес, адамдар көбірек жүретін, бірақ шулы емес жерінде болуы керек. Жоба құны шамамен – 1 миллион теңге» дейді Бостандық ауданы әкімдігі абаттандыру бөлімінің жетекшісі Ринат Сейдраманов. Осындай «сөйлейтін» орындықтар Түркияның бірнеше қаласында, Ұлыбритания мен Ресейде де бар. «Бұл жоба бақ аллеясына сән беріп қана қоймай, танымалдығын да арттыра түседі» дейді бастамашылар. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ