Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға, бір жылда 23,6%-ға өсті. Бұл туралы Aikyn.kzҰлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түліктің бағасы апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.
Анықтау үшін елді мекендерде орналасқан тауарлардың түр-түрі сатылатын сауда нысандары (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2023 жылғы 7 наурыз):
Сүт 2,5% – 355 тг/л
Құмшекер – 454 тг/кг
Күріш – 383 тг/кг.
Бұған дейін Үкімет басшысы алыпсатарлармен күресті күшейту керектігін тапсырған болатын.