Жасотандықтар Қызылорда облысына барды
Жасотандықтар Қызылорда облысына барды
5,272
оқылды
«Jas Otan» ЖҚ төрағасы Елнұр Бейсенбаев жұмыс сапары аясында 26-27 ақпан күндері Қызылорда облысына барды. Алғашқы күні, ол күріш өндіретін «Абзал и К» ЖШС жұмысшы жастарымен кездесті. Аталған компанияның директоры «Jas Otan» ЖҚ Орталық кеңес мүшесі Мағжан Ералиев, кадрлардағы негізгі басымдықты жастарға бағыттайтындығын және жұмысшы жастардың еңбек пен демалысы үшін қолайлы жағдай жасайтындығын атап өтті. Сондай-ақ, жасотандық көшбасшы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ  студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. Студенттермен пікір алмасу барысында Елнұр Сабыржанұлы мемлекеттік жастар саясаты саласында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар бойынша пайдалы ақпараттармен бөлісті. Ол студент жастарға оқу орнының қабырғасында алған академиялық білімдерін ғана емес, сонымен қатар, болашақта пайдалы болатын басқа да мамандандырылмаған дағдыларды (soft kills) дамыту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Елнұр Бейсенбаев «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың жас блогерлермен, жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесуіне қатысты. Кездесу Қызылорда қаласындағы Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимаратында өтті. «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы өз тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар мен  «Jas Otan» ЖҚ 2025 жылға дейін жоспарланған «Jastar-Otanga!» бағдарламасын түсіндірді. Қызылорда облысындағы сапар Жалағаш ауданыңда жалғасты. Аудан әкімі «Nur Otan» партиясының «Ауыл - Ел бесігі» атты жобасының аудандағы күйі туралы баяндады. Жобаны жүзеге асыру аясында Жалағаш кентінде 80 мың кітап қоры бар, заманауи кітапхана ашылды. Жастардың пайдалануында Жастар ресурстық орталығы мен коворкинг-орталығы бар. Кездесу шығармашыл жастардың қатысуымен, қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концертпен жалғасты.
 "Алты алашқа ана болған - Сыр елі бүгінгі күндері қарқынды дамуда. Бұған дәлел салынып жатқан жаңа өңдіріс орталықтары, үйлер, жаңа жастар ресурстық орталығы. Әсіресе, жастардың, өңірдің дамуына, өміріне белсене араласуы қөңіл қуантады. Біз сыр елінің жастарымен тілдесіп, жаңа қабылданатын «Jastar-Otanga!» бағдарламасына көптеген тұшымды ойлар, мардымды пікірлер алдық", - деді «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы Елнұр Бейсенбаев.