Айн-Жалут шайқасындағы Сұлтанның ерлігі
Айн-Жалут шайқасындағы Сұлтанның ерлігі
1,288
оқылды
Ерте ме, кеш пе Хулагу әскерінің со­ғыс ашатыны белгілі болған кезде, Сұлтан Сейф ад-Дин Құтыз ұрыс қимылдарының тактикасы мен басқаруды талқылау үшін әскери кеңесті шақырды. Кеңеске әскери басшылардан бөлек әмір (қолбасшы) Сахер Рукн ад-Дин Бейбарыс та белсене қатысты. Талқылау қорытындысы бойынша әмір Бейбарыс Хижра күнтізбесі бойын­ша 658 жылдың (1260 ж) мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы күндерінің бірінде түн жамылып, Газа аймағына (қазіргі Палестина) жайғасқан моңғол әскерінің алдыңғы жасағына шабуыл жасайтын болды. Ондағы мақсат моңғол әскерінің бас қолбасшысы Кетбұғы ноянды арандатып, тұзаққа түсіру болды. Бейбарыс бұл жоспарды керемет жүзеге асырды. Ол моңғол жасағын күйрете жеңіп, Газа аумағын бақылауға алып қана қоймай, қалған әскерді күштері қазіргі Ливан, Сирия және Түркия террито­риялары арқылы өтетін Әл-Аси өзеніне дейін қуады. Мәмлүк қолбасшыларының әскери кеңесі бұл жолы да есептен жаңыла қой­мады. Кетбұғы ноян бұрын ешқашан же­ңіліп көрмеген әскері жеңіліске ұшыра­ғанын білгенде қатты ашуланып, Ху­лагудың ешқандай шара қолданбау туралы бұй­рығына қарсы келеді. Ол Левант ау­мағына (қазіргі Ливан, Сирия, Палестина, Израиль, Иордания және Ирактың бір бөлігі) тарыдай шашылған моңғол әскерін Хомс (қазіргі Сирияның аумағына) ауда­нына жұмылдыруға бұйрық берді. Осы­лайша, Каир қаласынан шыққан мәмлүк­тердің негізгі әскерін Иордания алқабында күтіп алмақшы болады. Мухаммед Ахмед АБДУЛ-ЛАТИФ Бұл кезде мәмлүктердің негізгі әскері крестшілермен олардың жерімен емін-еркін қозғалу, қару-жарақпен жабдықтау бойынша алдын-ала келіссөздер жүргізіп, Газадан өтіп, Жерорта теңізі жағалауын­да­ғы жолды жалғастыра отырып, Акка бе­кінісіне (қазіргі Израиль аумағына) жетті. Мәмлүктер бірнеше күн бойы осы бекініс­тің жанындағы бақтарда өз лагерін құрды. Өз кезегінде, крестшілер мәмлүктердің шабуылынан қорқып, олардың қосынына барып, Сейфті ад-Дин Құтызға мәмлүк әскерін азық-түлікпен қамтамасыз ету­ді, әскерді рыцарлармен толықтыруды ­ұсын­­ды. Сұлтан Құтыз оларды крест­ші­лерге шабуыл жасау ниетінің жоғына сен­­­діріп, ұсыныстан бас тартты. Бұл орайда, мәмлүк әскері моңғолдарға бай­қатпай алға жылжуға және азық-түлікті емін-еркін тасымалдауға мүмкіндік беретін тактикалық артықшылыққа ие болған-ды. Мәмлүктердің қосынындағы ру басыларының кезекті әскери кеңесінде Сахер Рукн ад-Дин Бейбарыс Кетбұға әскерінің саны, олардың рулары және ұрыс қимылдарын жүргізу әдістері туралы жиналған барлау деректерін ұсынды. Бұл деректер мәмлүк әскерінің қолбасшы­лығына сұрапыл шайқас алдындағы жан-жақты жоспарын түзіп алуға мүмкіндік берді. Жоспарға сай Құтыз Бейбарыс өз жасағымен шайқасқа бірінші болып кіреді, ал Сұлтан Құтыз негізгі әскермен бірге жа­зықты қоршап тұрған төбелер мен жа­сыл желектер арасында жасырынады. Олар­дың арасындағы тұрақты байланыс сақталады. Жазықтағы ашық ұрысқа еркін енген Кетбұғы әскері қоршауда қалады. Ұрымтал сәтті пайдаланып, оларға Сұлтан Құтыз басқаратын негізгі әскер соққы жасайды. Хижра күнтізбесі бойынша 658 жылғы Рамазан айының 25-күнінде Кетбұғы ноян бастаған моңғол әскері мен Сейф ад-Дин Құтыз бастаған мәмлүк әскері Айн-Джалут (Голиат ауданы, қазіргі Израиль) даласында кездеседі. Әуел баста ұзақ сапардан жаяу әскері мен жылқыларының шаршауына, қатты ыстықтағы шөлдің қысығуына және азық-түліктің тапшылығына, Бейбарыс жаса­ғымен ұсақ қақтығыстардан шаршағанына қарамастан мәмлүк әскерін қиындықсыз, тез жеңемін деп шабуылға шыққан Кет­бұғы ноян тұзаққа түсіп қалды. Бейбарыс­тың жасағы моңғол әскерлеріне тегеурінді қарсылық таныта білді. Бірақ жоспар бо­йын­­ша біртіндеп кері шегініп, моңғол әс­керін шайқасқа көбірек тартты. Осы кез­де олар жазық даланың жырасын бұқ­пан­тайлап жатқан Сейф ад-Дин Құтыз бас­та­ған мәмлүк әскерінің қоршауында қалды. Айн-Жалут шайқасындағы Сұлтан Бейбарыс жасағының шегіне баста­ғанда мәмлүктердің негізгі әскері моңғол­дарға оң және сол қапталдан шабуыл жа­­сады. Кескілескен шайқас кезінде Сұл­­тан Құтыз бетін көрсету үшін дулы­ғасын шешіп алып: «О, Ислам!» деп айқай салды. Бұл ұран мәмлүк әскеріне рух пен күш беріп шайқастың бетбұрыс кезеңіне айналды. Мәмлүктер моңғол әскерін бір­тіндеп қоршай бастады. Алғашында Бей­барыс жасағының кері шегінгеніне ма­сат­танған моңғол әскерінің бойын енді үрей билей бастады. Олар жағдайдың бұлай кілт өзгеруін күтпеген еді. Қорқы­ныш пен берекесіздіктен моңғол әскері жан-жаққа қаша бастады. Кетбұға ноян жалғыз өзі мәмлүктердің қоршауында қалып, қасық қаны қалғанша шайқасты. Моңғол әскері бас қолбасшыларын май­дан даласында қалдырып, беті ауған жаққа тым-тырақай қашты. Майдан даласынан қашқан моңғол жауынгерлері жақын маңда өсіп тұрған қант қамысының арасына кіріп бой тас­талады. Мәмлүктер қамыс алқабын қор­шап алып, оны өртеп жіберді. Моңғол­дардың бір бөлігі тірідей өртенді. Қалғаны өрт шалған алқаптан қашып үлгерді. Енді бір тобы мәмлүктердің тұтқынына түсті. Жалғыз өзі жау қоршауында қалып шайқасқан ноян Кетбұғының тағдырына қатысты әртүрлі әңгіме айтылады. Мұсыл­ман дереккөздерінде оны әмір Джамал ад-Дин аш-Шамсимен шайқас кезінде өлтіргені айтылған. Моңғол тарапы ноян­ды мәмлүктердің тұтқынға алып, Сұлтан Құтызбен диалогтан кейін басын кесіп тастаған деп жүр. Шайқас аяқталған соң «Сұлтан Құтыз аттан түсіп, оны сүйді, екі ракағат намаз оқып, Алла Тағалаға алғыс білдірді. Содан кейін тізе бүгіп, сарбаздарды құттықтады, олардың қолдары олжаға толы болды» Леванттағы моңғолдардың ықпалын бір­жола жою үшін ол Рукн ад-Дин Бейба­рыс­қа әскерін бастап, тірі қалған моңғол әс­ке­рінің көзін түгелдей жоюға бұйрық береді. Бейбарыс бытырай қашқан моңғол әскерін шығыстағы Евфрат өзеніне қарай қуып, олардың бас біріктіріп, мәмлүктерге қарсы келуіне мүмкіндік бермеді.

 Мухаммед Ахмед АБДУЛ-ЛАТИФ, Әль-Мансур университеті көне тарих факультетінің деканы Орыс тілінен аударған арабтану-шығыстанушы Асқар Бапен