Ауа райының нашарлауына байланысты тағы бірнеше өңірде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
28 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Орал қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетуі ықтимал. Актау қаласында күндіз шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 23 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерін тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ күтіледі.
Айта кетейік, синоптиктер бұған дейін Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ескерту жариялаған болатын.