Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Еріктілер жылын жариялады. Патриотизмді насихаттау мақсатында Нұр-Сұлтанда арнайы «Жас сарбаздар» үшін «Jas sarbaz – meıіrіmdіlіk bіrіktіredі» жобасы және «Еріктілер жылы» ерекше салтанатті түрде ашылды.
[caption id="attachment_24409" align="alignnone" width="926"] Фото: Думан Құрманғалиев[/caption]
Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Парламент Мəжілісінің депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті. Қонақтар кездесу барысында «Жас сарбаз» тəрбиеленушілерінің жетістіктеріне куə болып, Smart sarbaz көрмесімен танысты.
[caption id="attachment_24411" align="alignnone" width="993"] Фото: Думан Құрманғалиев[/caption]
– Биыл – ерекше жыл. Абай бабамыздың – 175 жылдығы. Ұлы Жеңіске – 75 жыл. Осының бәрі жылдың тарихи маңызын көрсетіп тұр. Жастар – елдің патриоты. Әр жасаған ісі осы жылдың маңызы мен тарихын ұмыттырмай, ұқтырғаны дұрыс. Мен бүгінгі жастарға қарап тұрып, елімнің келешегі жарқын болатынына сенемін, – деді Бақытжан Ертаев.
Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова: «Бүгінде астанада 6013 «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері, жалпы орта білім беретін мектептерде 120-ға жуық «Жас сарбаз» сыныбы, 82 әскери-патриоттық клуб және 27 «Smart sarbaz» сыныптары ашылған. Ендігі мақсатымыз – болашақ сарбаздар қатарына мектептердегі тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балаларын тарту, – деді.
Айта кетейік, «Jas sarbaz – meıіrіmdіlіk bіrіktіredі» патриоттық жобасының ең маңыздысы Ауған соғысы ардагерлері мен Жеңіс қаһармандарымен кездесу, жастар арасында əскери-патриоттық əндер байқауы, спорттық шаралар өткізу жыл бойы жалғасады.