Мысыр әуекомпаниясы Қазақстанға қатынайтын рейстерді іске қосады
Мысыр әуекомпаниясы Қазақстанға қатынайтын рейстерді іске қосады
393
оқылды
13 наурыздан бастап Мысырдың  Air Cairo  әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады.  Мемлекет басшысының халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ "ашық аспан" режимін іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп  Air Cairo  египеттік әуекомпаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады. Осылайша,  Air Cairo әуекомпаниясы Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі және сенбі) А-320 типті әуекемелері арқылы тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.