«AMANAT» партиясы: әр қызметкер барынша қорғалуы керек
«AMANAT» партиясы: әр қызметкер барынша қорғалуы керек
230
оқылды
 «AMANAT» партиясынан депутаттыққа үміткерлер және штаб мүшелері Мейіржан Отыншиев, Дәурен Маралов, Мақпал Батырханова, Мұхтар Тәжібаев және Фарида Омарбекова «LCI-MK» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.  Бұл компания Қазақстанда темір-бетон және көпір конструкцияларын өндірумен айналысады. Бұрын «МО-1» ЖШС құрамында болған «LCI-MK» ЖШС темір-бетон бұйымдары зауытының негізі 1943 жылы қаланды. Бүгінде кәсіпорын –  біздің еліміздегі темір және көпір құрылымдарының алдыңғы қатарлы және жетекші өндірушілерінің бірі. Компанияның өндірісі екі негізгі құрылыс сегментінің қажеттілігіне қызмет көрсетуге бағытталған, атап айтқанда автожол және теміржол құрылысы, сондай-ақ өнеркәсіптік нысандарды, коммерциялық және тұрғын үй нысандарын салу. Кандидаттармен өткен кездесуде барлық деңгейдегі өндіріс пен жұмыскерлерді барынша қолдау бойынша мәселе көтерілді. Мәселен, еңбекті қорғау бойынша ең төменгі стандарттар арттырылатын болады. Осылайша, партия жазатайым оқиғаны тергеу кезінде қызметкердің, жұмыс берушінің кінәсін анықтау тәртібін қайта қарайды. Сонымен қатар  партия зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің ерте зейнетке шығу мүмкіндігіне қол жеткізетін болады. Аманаттықтардың айтуынша, әр қызметкер барынша қорғалуы тиіс.  width= Қызметкерлер өз кезегінде зейнетақы жүйесін қайта қарауды сұрады, өйткені жинақталған 10% зейнетақы жарналары жыл сайын құнсызданады. Сондай-ақ МӘМС жүйесін жетілдіру туралы ұсыныс түсті, өйткені бұл арқылы денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызметтерді алу қиын. Сонымен қатар қызметкерлер депутаттыққа кандидаттардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді сұрады. Айта кетейік, партияның республикалық бағдарламасы аясында зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеу қамтамасыз етіледі. Базалық зейнетақы келесі бес жыл ішінде көтерілмек.   Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының  Сайлау қоры  қаражатынан төленді.