«AMANAT» партиясы: «Жастар тәжірибесі» – жемісті жобамыз
«AMANAT» партиясы: «Жастар тәжірибесі» – жемісті жобамыз
480
оқылды

«AMANAT» саяси ұйымының сайлауалды партиялық тізімі бойынша БҚО мәслихаты депутаттығына кандидаттар Гүлмира Батпақұлова мен Шаттық Өтебалиева Оралдағы «Азиза» сауда үйінде болып, саудагерлер мен тұтынушыларға үгіт-насихат жүргізді.

Бұл сауда үйінде еңбек ететін қызметкерлердің көбі –  жастар. Кандидаттар оларға арналған әлеуметтік жобалар туралы түсіндірді. Партияның сайлауалды бағдарламасында жастарды еңбекке тарту, кәсіпкерлікті қолдау, білікті мамандар даярлау және ауылдық жерлердегі кадрларды ынталандыру бағытында ілкімді жобаларды жалғастыру көзделген.  width=
– Партия жас мамандарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөледі. Сіздердің көбіңіз студент екенсіздер. Саяси ұйым жастардың кәсіби еңбек жолын бастауына дәнекер болу үшін «Жастар тәжірибесі» жобасын жалғастырады. Мен өзім мансабымды осы жобаның арқасында бастаған едім. Қазір өз саламда табысты еңбек етіп жүрмін. Сіздер де келешекте білікті маман болу үшін осы бағдарламаға жүгіне аласыздар, –  деді кандидат Шаттық Өтебалиева.
Ал қалада еңбек етіп жүрген жастардың біразы – ауыл жастары. Олардың жартысы шаһарға білім алу үшін келсе, қалғаны екі қолға бір күрек табу үшін келген. Облыста 5 мыңға жуық жас жұмыссыздар қатарында. Партия ауыл жастары үшін ауылдық жерлердің әлеуетін көтеруді жоспарлап отыр. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында мамандардың тұрғын үй сатып алуына немесе салуына қаржылай қолдау көрсетіледі. Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге 2,5 пайыз мөлшерлемемен несиелер беріледі. «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы негізінде жыл сайын оқу гранттары бөлінбек.  width=
– Мұндай мүмкіндіктерге ие болу үшін саяси науқанда «AMANAT» партиясына сенім артып, дауыс беріңіздер! Елдің келешегі үшін саяси ұйым барлық күш-жігерін жұмсайды. Тек жастарды қолдау шаралары емес, халықтың табыс көлемін арттыру, тұрғын үй құрылысын жандандыру, шағын және орта бизнесті қолдау сияқты іргелі бастамалар күтіп тұр, –  деді кандидат Гүлмира Батпақұлова.
Кандидаттар тұрғындарға үнпарақтар таратып, партиялық сайлауалды  5 жылдық бағдарламасының толық нұсқасын онлайн оқу тәсілін түсіндірді.  width=  width= Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының  Сайлау қоры қаражатынан төленді.