Ғалымдар 23 жылдан кейін жермен соқтығысуы мүмкін астероидты тапты
Ғалымдар 23 жылдан кейін жермен соқтығысуы мүмкін астероидты тапты
Фото: NASA
626
оқылды
Ғалымдар 2023 DW атауын алған және 2046 жылдың 14 ақпанында жермен соқтығысуы мүмкін астероидты анықтады. NASA мәліметінше, астероид пен жердің соқтығысу қаупі ортадан жоғары саналады. Десе де, астероидтың жермен соқтығысу мүмкіндігін мамандар төмен бағалап отыр. Астероид туралы нақты мәліметтер белгілі болған соң, оның жермен соқтығысу қаупі төмендеуі мүмкін. Астероидтың диаметрі 160 метрге тең. Бұл Челябіде құлаған астероидтан екі-үш есе үлкен. Бір айта кетерлігі, мұндай көлемдегі астероидтар жерге айтарлықтай қауіп төндірмейді.