Қазақстанда VIP-нөмірлерге деген сұраныс төмендеді
Қазақстанда VIP-нөмірлерге деген сұраныс төмендеді
Фото: Интернеттен алынды
318
оқылды
2019 жылы автоәуесқойлар мамандандырылған ХҚКО арқылы 12,5 мыңнан астам «әдемі» нөмір сатып алған. Ал 2018 жылы ХҚКО арқылы 3,5 млрд теңгеге 15 мыңға жуық жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген. Аймақтар бойынша VIP-нөмірлерге Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының көлік иелері қатты әуестенетіні анықталды. Статистикаға сәйкес, жоғары сұранысқа ие нөмірлік белгілерді сату бойынша Алматы мегаполисі көшбасшы орында. Мұнда 1,2 млрд теңгеге 4,5 мыңнан астам «әдемі» нөмір сатылған. Жоғары сұранысқа ие 2 мыңға жуық МТНБ-ні елорда тұрғындары және 1,5 мыңнан астамын Шымкенттің автокөлік иелері иеленген. Әдемі сандық және әріптік комбинациялары бар нөмірлер ең аз сұранысқа ие өңір Солтүстік Қазақстан облысы болып отыр. Бұл жерде тек 99 адам ғана сатып алған. Бұл мәліметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы таратты. 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін қажетті сандық және әріптік белгілері бар нөмірлерді арнайы ХҚКО арқылы да, ҚР ІІМ ТЕБ бөлімшелері арқылы да сатып алу қолжетімді болатын. Енді оларды тек «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының арнайы ХҚКО-лары мен секторларында ғана рәсімдейді. Олармен арнайы орнатылған стендтерде танысуға болады. Егер стендте қалаған нөмір белгісі болмаса, көрсетілетін қызметті алушы цифрлық және әріптік белгіні алдын ала анықтап, оған тапсырыс бере алады. МТНБ Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін 5 жұмыс күнінен кейін және Шымкент, Қарағанды және басқа да облыс орталықтары үшін 15 жұмыс күнінен кейін дайын болады. Бұл ретте көлік құралын тіркеу рәсімі нөмір белгілерін дайындағаннан кейін жүзеге асырылады. Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы