«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады.
Негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы арқылы атмосфералық фронтальды бөлімдер өтеді. Жаңбыр мен қар, оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.