Қазақстанда 12 мың адам банкроттыққа өтініш берген
Қазақстанда 12 мың адам банкроттыққа өтініш берген
Фото: Lada.kz
638
оқылды
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 12 мың адам соттан тыс банкроттыққа арыз жазған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Борышкердің қарызы 5 млн 500 мың теңгеден аспаса, қарызды өтеудің осы түрін таңдауға мүмкіндігі бар. Қарызы соңғы 12 ай төленбеген болуы керек. Борышкердің мүлкі болмауы шарт. Соттан тыс бонкроттық рәсімін пайдалану үшін несие алған мекемемен келісімшарт болуы тиіс. Өтініштер eGov порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданады. Арызды қарау мерзімі – 15 жұмыс күні. Өз арызына теріс жауап алған азамат 3 айдан кейін қайта өтініш бере алады. Жалпы, Қазақстанда 12 жарым мыңға жуық адам банкроттыққа өтініш берген. Банкроттық рәсімді қолданған адам 5 жыл несие ала алмайды.