«AMANAT» еңбек адамының мәртебесін арттыруға күш салады
«AMANAT» еңбек адамының мәртебесін арттыруға күш салады
433
оқылды
Депутаттыққа үміткерлер «Анвар» тарату орталығының қызметкерлерімен баспанамен, еңбекпен қамту, грант бойынша оқыту мәселелерін талқылады. Партиялық тізім бойынша Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Бижан Қалмағанбетов, Жұлдыз Қожабекова және үміткер Талғат Салфиковтің сенімді өкілі Аслан Қайырғалиев «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді.  width= Бұл жер тауар сақталатын үлкен қойма, дәл осы жерден супермаркеттер желісі мен «Анвар» гипермаркетіне тауар таратылады. Онда 120-дан астам адам жұмыс істейді. Олардың қатарында жүк тиеушілер, қабылдаушылар, қойма меңгерушілері, ревизорлар, буып-түюшілер және т.б. бар. Олар үміткерлерден жеңілдетілген ипотека бойынша тұрғын үй сатып алу, балаларға IT-білім беру, сапалы медициналық қызметтер алуға қатысты сұрақтарын қойды. Үміткер Бижан Қалмағанбетов облыс тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары сайлауалды бағдарламада көрсетілгенін айтты. Олар қызметтің барлық саласын қамтиды, партия жобалардың орындалуын қадағалайды.  width=
– Бағдарламада маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттар: білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау саласын дамыту, су және газбен қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселесін шешу, жолдар мен қоғамдық көліктердің сапасын арттыру көзделген. Мұның бәрі уақытымен шешіледі. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 30,6 мың пәтер салу жоспарлануда. Халықтың әлеуметтік осал топтарына кемінде 500 пәтер беріледі. Барлық елді мекендерді интернетпен қамту арқылы IT-технологиялар бойынша үйірмелер ауыл балаларына қолжетімді болады. Бағдарламаға сәйкес коммуникациялар салынады, аумақтар абаттандырылады. Барлық міндеттерді шешуге бес жыл берілген. Ал партия олардың орындалуына қол жеткізеді, – деді Жұлдыз Қожабекова.
Сондай-ақ Аслан Қайырғалиев жиналғандардың назарын қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарына аударды. Үміткерлер барлық жұмысшыны партия бастамаларын қолдап, «АМАNАТ»-қа дауыс беруге шақырды. Қойма меңгерушісі Сәуле Күлшібаева орталықтың барлық қызметкері партияны қолдайтынын және алдағы сайлауда азаматтық борышын өтейтінін айтты. Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «АМАНАТ» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді