Доллар құны бірден 9,65 теңгеге қымбаттады
Доллар құны бірден 9,65 теңгеге қымбаттады
372
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес доллар 9,65 теңгеге қымбаттап, 456, 66 теңге болды. Ұлттық банктің 13 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 98 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,87 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 455 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 459 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 454 теңгеден болса, сатып алу құны – 457 теңге. Ресей рублі 5,75 – 5, 05 теңге аралығында саудаланып жатыр.