Жаманаев ұсталды
Жаманаев ұсталды
137
оқылды
Қылмыстық ортада «Серік-голова» лақап аты­мен белгілі қылмыскер Серік Жаманаев Алматы облысы маңында ұсталды. Онымен бірге қылмыстық ор­тада белгілі тағы 6 адам құ­рық­тал­ды. Ұлттық қауіпсіздік коми­теті­нің хабарлауынша, 1 ақпан күні  Серік Жаманаев бас­қаратын ұйымдасқан қыл­мыстық топтың жолын кескен. Бұл опе­рация Ішкі істер минис­трлігімен бірлесе отырып, атқа­рылып отыр. Сондай-ақ Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр қылмыс жа­сауға, оның ішінде зорлық-зом­былықты жасауға қатысы бар деген күдікпен ұсталған алты адам Алматыдағы уақытша ұстау изо­ляторына қамалды. Өйткені күдіктілердің тұрғы­лықты жерін тексеру барысында автоматты және жартылай авто­матты қару-жарақ, ірі көлемде ақша мен қол астындағы мүлік­терінің басқа біреулерден тартып алғанын растайтын заттар та­былып, тәркіленді. Қазір ҰҚК мен Ішкі істер ми­нистрлігінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.